Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Мажарстан астанасы Будапеште өткен көркем гимнастикадан 28-ші Gracia Fair Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жекелей сында Айбота Ертайқызы доппен, лентамен және ұршықпен өнер көрсетуде дес бермей, 3 жаттығуда алтыннан алқа тақты. Ал Эрика Жайлауова шығыршық жаттығуында чемпион атанды. 

Кеше көпсайыста Айбота күміс (125,2 балл), Эрика қола жүлдегер (122,25 ұпай) атанған. Сондай-ақ мұнда Ұлттық құрама гимнасты Милана Парфилова 4-ші, Зере Бақытжанқызы 6-шы, Айым Мейіржанова 7-ші сатыға тұрақтады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!