Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының келісімімен Жұмахметов Жағыппар Насрадинұлы «Қайсар» футбол клубының директоры қызметіне тағайындалды.
Жағыппар Насрадинұлы 1961 жылы 21 наурызда Арал қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.
1978-1983 жылдары Қазақстан политехникалық институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1983 жылы Ақтөбе облысында «ЗапКазГеология» бірлестігінде бұрғылау шеберінен бастап, бас инженер лауазымына дейін көтерілген.
1991-1999 жылдары «ЮЖ Нефтегаз» компаниясында инженер, бөлім басшысы, басқарма басшысы қызметін атқарған.
1999-2005 жылдары Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар басқармасы басшысының орынбасары;
2005-2009 жылдары Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы;
2009-2010 жылдары ОҚО Төтенше жағдайлар басқармасы басшысының бірінші орынбасары;
2010-2012 жылдары «ҚазГерМұнай» АҚ-ның департамент басшысы;
2012-2014 жылдары «Тұран» барлау мұнай компаниясы бас директорының орынбасары;
2014-2016 жылдары Өрт сөндіруші АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының директоры;
2017 жылдың ақпан айынан бастап осы кезге дейін «Қызылорда аз тонналық мұнай өңдеу зауытының» техникалық директоры қызметін атқарып келді.
Отбасылы, 4 бала тәрбилеп отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!