2026 жылдың 9 мамырында Қызылорда қаласындағы «Нұрсәт» теннис орталығында көрнекті тұлға, белгілі шахмат жанашыры Әлім Әсімұлы Тобылбаевтың рухына арналған жылдам шахматтан республикалық ашық турнир ұйымдастырылды.
Рапидті Қызылорда қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі мен Қазақстан шахмат федерациясының облыстық филиалы бірлесіп өткізді.
Жарыстың басты бағыты – жасөспірімдер арасында шахматты насихаттау, дарынды спортшыларды анықтау және Әлім Әсімұлының есімін ұлықтау. Биылғы дода халықаралық деңгейге көтеріліп, оған еліміздің өңірлерінен бөлек, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясынан келген жас шеберлер қатысты.
Турнирге 2014, 2016 және 2018 жылдары туған 220-ға жуық оқушы қыздар мен ұлдар қатысып, бірнеше жас ерекшелігі бойынша өзара мықтыны анықтады. Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, логикалық ойлау қабілетін және тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 520 000 теңгені құрады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Негізгі топ (ұлдар)
І орын – Ержанұлы Ернұр
ІІ орын – Прокопцов Михаил
ІІІ орын – Айдарбек Нұрдос
Негізгі топ (қыздар)
І орын – Филиппова Милана
ІІ орын – Өтеген Медина
ІІІ орын – Мануйлова Дарья
12 жасқа дейінгі қыздар
І орын – Қалдыбек Мерей
ІІ орын – Жанасқызы Медина
ІІІ орын – Көшенова Тоғжан
12 жасқа дейінгі ұлдар
І орын – Беляев Михаил
ІІ орын – Дарханұлы Қайсар
ІІІ орын – Ұзақбаев Дамир
10 жасқа дейінгі ұлдар
І орын – Саламат Ермұхан
ІІ орын – Смелов Александр
ІІІ орын – Сайран Дінмұхаммед
10 жасқа дейінгі қыздар
І орын – Күмісбай Ақниет
ІІ орын – Мейірханқызы Айзере
ІІІ орын – Воронина Анастасия
8 жасқа дейінгі ұлдар
І орын – Амиров Закарья
ІІ орын – Дербісов Далер
ІІІ орын – Сабыржанұлы Арнұр
8 жасқа дейінгі қыздар
І орын – Апызалиева Аделия
ІІ орын – Асылбекқызы Нармина
ІІІ орын – Иманбек Айя
IV орын –Алибекова Райана
Турнир еліміздегі интеллектуалды спорттың дамуына серпін берген маңызды оқиға болды. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бұл дода көрнекті шахмат жанашыры Әлім Әсімұлы Тобылбаевтың есімін дәріптеп, жас буынға өнеге ету мақсатындағы тағылымды іс-шара ретінде есте қалмақ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!