ҚР Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев Шавкат Рахмоновты UFC жекпе-жегіндегі кезекті жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарына сәттілік тіледі. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

фото: stan.kz


“Қарсыласы да өте қарымды спортшы. Стивен Томпсон өзінің спорттық карьерасында 24 рет октагонға шығып, 17 мәрте жеңіс тойын тойлаған. Соған қарамастан Шавқат қазақ жігітіне тән мінез көрсетіп, намысты қолдан берген жоқ. Жерлесіміздің алдағы сайыстарына да сәттілік тілеймін. Тек жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспін”, – деп жазды министр.

Еске сала кетейік, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов ММА-дағы мерзімінен бұрын 18-ші, UFC-дегі 6-шы жеңісіне қол жеткізді. Отандық боксшы Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонды екінші раундта тұншықтыру әдісімен ұтқан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!