Кенен білімнен кенде етпейтін рухани бастау – кітапта. Алтын қазына деп кесіп айтатынымыз да содан. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесі кітапхана ісін ілгерілетуге көңіл бөлген.
Бүгінде сөре 300-ге жуық кітапқа тағы толықты. Яғни, Салтанат есімді қала тұрғыны кітап сыйға тартып, жанашырлықтың үлгісін көрсетті. Түрлі жанрды қамтитын әдеби еңбектердің ойға қозғау салып, санаға сәуле түсірері сөзсіз.
– Жазасын өтеуші азаматтарды қайта әлеуметтендіру бағытындағы жұмыста кітаптың орны ерекше. Сондықтан олардың сұранысын ескеріп, қажетті әдебиеттерді толықтыруға әрдайым мән береміз. Яғни, қорымызды мазмұнды, тәрбиелік әрі танымдық кітаптармен байытуға тырысамыз. Бүгінде мекеме кітапханасындағы жалпы кітап саны 5 мыңнан асты. Әрбір тарту етілген кітапты жоғары бағалаймыз. Осындай жанашыр жандардың қолдауы кітапхана жұмысын жандандырады, – дейді мекеменің кітапхана маманы Асылбек Бурханов.
Мекеме алдағы уақытта да игі бастамаға иек артып, құндылықты дәріптеуге ден қоя бермек.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!