Алматы облысында оқушы қыз ана атанды деп хабарлады turkystan.kz.

Бұған дейін баланың әкесі 53 жастағы көршісі болуы мүмкін деген болжам айтылған. Жақында күдіктіден ДНК сынамасы алынды. Оның нәтижесі бойынша, оқушы қыздың сәбиінің әкесі 53 жастағы Адал есімді көршісі болып шықты.

«14 ақпан 2023 жылы кәмелет жасқа толмаған қыз босанды. Жаңа туған сәбиден биологиялық материалдар алынып, генетикалық сараптама тағайындалды. Аталған сараптаманың қорытындысына сәйкес, 99 пайыз баланың әкесі болып, бұрын күдікті ретінде танылған 1969  жылғы Междуреченск ауылының азаматы болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Сәбидің әкесі қазіргі уақытта қамауға алынды», – деді Алматы облысы, Іле ауданына қарасты тергеу басқармасының бастығы Дастан Таңқақов.

«Аман-есен босанды. Дүниеге қыз бала келді. Есімін Ботагөз қойдық», – дейді 15 жастағы қыздың анасы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!