Қызылорда өңірінің тұрғындары маңызды саяси науқан Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасауда. Таңсәріден учаскеге ерте келген азаматтар үшін комиссия мүшелері демеушілер есебінен арнайы сыйлықтарды үйлестірді. Оның ішінде алғаш рет дауыс берушілер де бар. Солардың бірі – №203 сайлау учаскесінде алғаш рет дауыс берген Аяулым Самидин.

Айта кетейік, аймақта 386 сайлау учаскесі бар. Дауыс беру 20.00-ге дейін жалғасады. Түскі 12.00-ге дейін азаматтар үйден дауыс беруге өтініш қалдыра алады.
Өңір бойынша 500 591 тұрғын дауыс берушілер тізіміне енген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!