Жайылма ауылының «Жайылма жауһарлары» әжелер ансамблі сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Өнерлі әжелер ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан қалыс қалмай, азаматтық белсенділіктерін көрсетті. Жайылма ауылдық клубы жанынан құрылған «Жайылма жауһарлары» әжелер ансамблі 2019 жылы ұйымдастырылған. Топ құрамында 8 әже бар. Қазіргі таңда ауылдағы бірде-бір мәдени іс-шара бұл ансамбльдің қатысуынсыз өтпейді.

Жаңақорған әжелер ансамблі өз таңдауларын жасады

Сонымен қатар, ұжым аудандық және облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, ауыл мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосып келеді. Өнерлі әжелер дауыс беру учаскесіне көтеріңкі көңіл-күймен келіп, өз таңдауларын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын жеткізді. Олардың айтуынша, елдің дамуы мен тұрақтылығы әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты.

Жаңақорған әжелер ансамблі өз таңдауларын жасады

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!