Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға Қазалы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері де белсенді қатысып, азаматтық таңдауын жасады.
Мекеме қызметкерлері Қазалы қаласындағы №16 мектепте орналасқан №67 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады.
Аталған учаскеде барлығы 1197 дауыс беруші тіркелген. Қазіргі таңда олардың 300-ге жуық азаматы дауыс беріп үлгерді.
Ел болашағына бейжай қарамай, маңызды науқанға белсенді қатысып жатқан қазалылықтардың қатары артып келеді. Әр азаматтың таңдауы – ел келешегіне қосқан үлесі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!