Фото: Ақорда
17 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды. Президенттің туған күніне орай басқа елдер мен халықаралық ұйымдардың басшылары құттықтаулар жолдап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына мемлекет және үкімет басшыларынан, халықаралық ұйымдардың өкілдерінен және дипломатиялық миссиялардан құттықтаулар келді.
Мемлекет басшысына құттықтау жеделхаттарын жібергендер:
- Ресей президенті Владимир Путин,
- Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин,
- Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев,
- Қырғызстан президенті Садыр Жапаров,
- Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон,
- Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов,
- Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев,
- Беларусь президенті Александр Лукашенко,
- Армения президенті Ваагн Хачатурян,
- Армения премьер-министрі Никол Пашинян,
- БАӘ президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахайян,
- БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай билеушісі Шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум,
- Катар әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл Тани,
- Италия президенті Серджио Маттарелла,
- Сербия президенті Александр Вучич,
- Молдова президенті Майя Санду,
- Словакия президенті Петер Пеллегрини,
- Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар,
- Корея Республикасының президенті Ли Чжэ Мён,
- Мьянма президенті Мин Аун Хлайн,
- Палестина президенті Махмуд Аббас,
- ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев және басқалары.
«Еліміздің көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және азаматтары да президентке ізгі тілектерін жолдады. Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп жатыр», – деп нақтылады Ақорданың баспасөз қызметі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!