Қызылорда қаласында Құрылтай сайлауы қызу жалғасуда. Сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасап жатқан азаматтардың қатарында қоғам белсенділері де бар.
«Сыр елі» облыстық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р. Байназарова сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады.
«Бүгінгі сайлау – елдің қоғамдық өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Әр азамат өз таңдауын жасау арқылы ел болашағына қатысты ұстанымын білдіреді. Сондықтан сайлауға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі»–деді Р. Байназарова.
Оның айтуынша, әсіресе әйелдер мен жастардың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді араласуы маңызды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!