Қызылорда қаласында Құрылтай сайлауы қызу жалғасуда. Сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасап жатқан азаматтардың қатарында жастардың үлесі басым.
№349 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасаған Бақытжан Төлегенұлы бұл қадамның мемлекет үшін маңызды екенін атап өтті.
«Бүгінгі сайлау – ел тарихындағы елеулі оқиға екені анық. Әр азамат өз таңдауын жасау арқылы ұлт келешегінің жарқын болуына үлес қоса алады. Сондықтан сайлауға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі»– дейді Б.Искаков.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!