Атышулы Нұрлан Сабыровтың туған жері – Степногорск қаласында концерт бизнесіне қатысты жеке кәсіпкерлігі бар болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл ақпаратты Қазақстандағы жеке кәсіпкерлерге қатысты ашық дереккөздерден көруге болады.

Әзілкеш Нұрлан Сабыровтың Степногорск қаласында жеке кәсібі бар болып шықты

Сол дереккөздерге сүйенсек, Нұрлан Сабыровтың жеке кәсіпкерлігі 2023 жылдың наурызында тіркелген. Кәсіпті өзі, яғни, Нұрлан Әлібекұлы Сабыров басқарады.

Бағыты – концерт бизнесі. Бірақ, бұл жеке кәсіпкерліктің қалалық немесе облыстық бюджетке төлеген салығы туралы ақпарат жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!