Астанада ішімдікке сылқия тойған отағасы отбасында ұрыс-керіс ұйымдастырды. Ұрыс соңында ол өз әйеліне қол көтеріп бастаған. Ақыр соңында екінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген, деп жазды «КҮН.КЗ» тілшісі.

Терезеден күйеуі лақтырып жіберген әйел айтарлықтай дене жарақатын алды. Әйелге алғашқы көмек беруге жеткен дәрігерлер дереу полиция шақырған. Араққа тойған ер адамды полиция ұстап әкетіп, барлық сараптама жасалған. Сот әйелінің өміріне қауіп төндірген отағасын үш жылға бас бостандығынан айырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!