2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның мемлекеттік қарызды өтеуге жұмсаған қаржысы 2,1 триллион теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,3 пайызға өсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мамандардың мәліметінше, еліміздегі жалпы мемлекеттік қарыз көлемі де баяу өсіп, 14,7 пайызға арту арқылы 40,9 триллион теңгеге жеткен. Бұл ретте қарызды өтеуге бағытталған шығындар барлық бюджет шығыстарының шамамен 11 пайызын құрап отыр. Салыстырмалы түрде айтсақ, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 9,6 пайыз деңгейінде болған еді. 

Сарапшылар бюджеттен қаржыландыру құрылымының айтарлықтай өзгергенін атап өтеді. Жыл ішінде Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт көлемі 3,1 триллион теңгеден 1,9 триллион теңгеге дейін төмендеп, 1,2 триллион теңгеге азайған. Алайда Үкімет бұл алшақтықты сыртқы және ішкі қарыздарды көбейту арқылы толтыруға мәжбүр болған. Нәтижесінде, жылдың алғашқы алты айында тартылған жаңа қарыз көлемі 3,4 триллион теңгеден 3,7 триллион теңгеге дейін өскен. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!