Қазақстанда «Құрылтай» есімді 10 адам бар. Есімі бірегей азаматтардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, елде «Құрылтай», «Курылтай», «Курултай» және «Курлтай» есімдерін иеленген 10 адам тіркелген. Оның алтауы – ер адам болса, төртеуі – әйел.

Құрылтай есімді және оның нұсқаларымен тіркелген азаматтардың ең көбі Шығыс Қазақстан облысында тұрады. Бұл өңірде төрт адам бар. Алматы қаласында екі азамат тіркелген. Ал Абай, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының әрқайсысында бір адамнан бар.

Жас ерекшелігіне келсек, 10 адамның бесеуі 65 жастан асқан. Олардың ең үлкені – 80 жаста. Қалған азаматтардың төртеуі 30-34, 50-54, 55-59, 60-64 жас аралығындағы топтарға жатады.

Еске сала кетейік, елімізде Конституция есімді 1 адам тұрады. Сондай-ақ тәуелсіздік алғалы 30 жылда мыңнан астам Наурыз есімді бала дүниеге келген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!