Фото: ҚР ҰҚКД

27 мамырда БҚО-дағы Бәйтерек ауданының аумағында мемлекеттік шекарадан 70 метр қашықта шекара жасағы Ауғанстанның бес азаматын ұстады. Бұл туралы өңірлік ҰҚКД хабарлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ «Мой город» сілтеме жасап.

«Ауғанстан азаматтары Қазақстанға болашақта Ресей Федерациясының аумағы арқылы Еуропа елдерінің біріне жұмыс іздеу және жақсы өмір сүру үшін бару ниетімен келді. Бұл ретте олардың Ресейге және Еуропа елдеріне кіру үшін тиісті визалары болған жоқ, олар ҚР-дан РФ-ға шекараны заңсыз өткісі келген.

Әрбір шетелдік «жолсеріктерге» 5 мыңнан 7 мың АҚШ долларына дейін төледі, олар шетелдіктерден мемлекеттік шекара арқылы жасырын аударуға уәде берді. Алайда «гидтер» өз уәдесін орындамады және оларды шекараға жақын маңда қалдырып кеткен. Нәтижесінде оларды шекарашылар ұстады», – деп хабарлады БҚО ҰҚКД өкілдері.

Шетелдіктер сот тәртібімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оларға 5 жыл ішінде Қазақстанға кіруге тыйым салынды. Кейін олар Ауғанстанға жеткізілген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!