• Байқоңыр қаласында әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды қорқытқан адам қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқоңыр тұрғыны WhatsApp месенджері арқылы жасаған бейнеүндеуінде аталған кешендегі Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігі басқармасының басшылығына қаладағы Арбат деп аталатын аумақтың ұйымдасқан тобына қарсы күш қолданатыны туралы айтқан.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабымен (Қорқыту) тергеп-тексеру басталды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 32 жастағы күдікті ұсталды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Байқоңырда көпқабатты үйлердің арасынан оқ тиген адамның денесі табылды .

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!