KAZINFORM – Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Санжар Жұбанов Түркияның «Samvet TTC» клубының намысын қорғайтын болды.
Самсун қаласының командасы Түркия Премьер-лигасында өнер көрсетеді және ел чемпионатының күміс жүлдегері саналады.
ҚР ҰОК мәліметінше, Санжар Жұбанов жаңа клуб сапындағы алғашқы ойынын қараша айында өткізеді.
Айта кетейік, бұған дейін Алан Құрманғалиев Францияның «Хеннебон» клубымен келісімшартқа қол қойған болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
