Ақмола облысының Бурабай көлінде төрт адам судан құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шілденің 25-інде Бурабай көлін патрульдеу кезінде құтқарушылар бірнеше адам отырған қайықтың аударылғанын байқаған. Құтқарушылар жеткенше қайық суға батып кетті, төрт адам құтқарылды. Белгілі болғандай, демалушылар Бурабайға Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларынан келген. Олар қайықты басқара алмай аударылған», – деді Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Осы ретте, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыс тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында суға кеткен бойжеткеннің денесі бес күннен соң табылған еді.


 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!