2026 жылы мамыр қысқа жұмыс аптасымен басталады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан азаматтары мамырда қанша күн демалады?
Демалыс күндерінің саны жұмыс кестесіне байланысты:
- бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 14 демалыс күні және 17 жұмыс күні болады;
- алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні болады.
Мамырда Қазақстанда қандай мерекелер тойланады?
Мамырда бірден бірнеше мемлекеттік мереке атап өтіледі:
- 1 мамыр (жұма) – Қазақстан халқының бірлігі күні;
- 7 мамыр (бейсенбі) – Отан қорғаушылар күні;
- 9 мамыр (сенбі) – Жеңіс күні.
Сонымен қатар, 2026 жылы Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға (сәрсенбі) сәйкес келеді. Десе де нақты күндері өзгеруі мүмкін.

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
