SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласындағы айрықша жетістіктері мен ел алдындағы еңбегі үшін бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.
Марапатталғандардың қатарында театр және музыка саласының өкілдері, өнер қайраткерлері, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен шығармашылық ұжым мүшелері бар.
ІІ дәрежелі «Барыс» ордені Мақпал Жүнісоваға табысталды. Ол Астанадағы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының солисі.
Сонымен қатар «Қазақстанның халық әртісі» атағы Бақтияр Қожа, Нина Макарова және Азат Сейітметовке берілді.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын театр, музыка және өнер саласының бірнеше өкілі иеленді. Олардың қатарында Астана Опера театрының өкілдері, Астана Балет ұжымы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы және басқа да мәдени мекемелердің қызметкерлері бар.
«Парасат», «Құрмет», «Достық» ордендері мен «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары да өнер, журналистика, кітапхана ісі және қоғамдық қызмет саласының өкілдеріне табысталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
