фото: baq.kz коллажы

Жаздың алғашқы айында қосымша мерекелік демалыс болмайды. Маусым айында Қазақстанда мемлекеттік мерекелер қарастырылмаған. Сондықтан бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін азаматтар 8 күн демалады,деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Электрондық үкіметтің» ресми сайтындағы мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, маусымда елде мемлекеттік мерекелер жоқ. Осыған байланысты қосымша демалыс күндері де болмайды.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар сенбі және жексенбі күндері қосқанда жалпы 8 күн демалады. Ал алты күндік жұмыс кестесімен еңбек ететіндерге 4 демалыс күні беріледі.

Сонымен қатар мамыр айында қазақстандықтарды тағы бір қосымша демалыс күні күтіп тұрғанын еске саламыз. Себебі 27 мамыр Құрбан айт мерекесінің алғашқы күніне сәйкес келеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!