Фото: opennews.kz

Орал қаласындағы Венера, Речник, Труд, Газовик, Волна, Үміткер саяжайларының 200-ден астам тұрғыны өз үйлеріне оралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұдан бөлек, бүгінде су тасқынынан зардап шеккен саяжай иелеріне 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек берілуде. Сондай-ақ, тұрғындардан түскен өтініштер негізінде төлемдер жалғасуда.

Қазіргі уақытта Орал қаласында су тасқынынан зардап шеккендердің шығынын есептеу және материалдық көмек төлеу жөніндегі арнайы комиссия жұмыс істеуде. Комиссия тексеру актілері аясында суы кеткен саяжайларды қарауда. Кезең-кезеңімен барлық саяжайлар техникалық зерттеуден өтеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!