Полицей. Көрнекі фото: Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі

Желіде Ақмола облыстық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары қарамағындағы қызметкерді ұрды деген ақпарат пайда болды. Ведомство қызметтік тергеу басталғанын хабарлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақпарат Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасында пайда болды. «Кейбір ақпарат көздері Ақмола облысы ПД бастығының орынбасары өзінің қарамағындағы қызметкерін жұрттың көзінше ұрып-соққаны туралы хабарлады», – деп жазылған арна таратқан мәліметте.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері жазбаға пікір қалдырып, бұл жағдайға қатысты жауап жазған. «Бұл факт бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде», – деп қысқаша жауап берген ведомство өкілдері.

Сондай-ақ бұған дейін желіде Ақмола облыстық полиция департаментінің қызметкері Астанада мас күйде көлік жүргізгені жауапкершілікке тартылған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!