Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі бұйрығымен ойын мекемелерінің, букмекерлік кеңселердің және тотализаторлардың қызметін реттейтін үлгілік қағидаларға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа нормаға сәйкес, төмендегі аумақтарда орналасқан казино, ойын автоматтары залдары, сондай-ақ букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың кассаларына тек шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға ғана кіруге рұқсат етіледі. Сонымен қатар, бұл шектеу ойын мекемелерінің қызметкерлеріне және қызметтік міндеттерін атқару мақсатында сол жерде жүрген өзге де тұлғаларға қолданылмайды.

Аталған нысандар:

  • Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауы,
  • Жетісу облысының Панфилов ауданы мен Алакөл көлі жағалауы,
  • Алматы облысының Талғар ауданы,
  • Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл және Зайсан аудандары.

Құжат 17 мамырдан бастап күшіне енеді.

Өзгерістер «Ойын бизнесі туралы» заң талаптарына сәйкестендіру мақсатында енгізілген.

Бұған дейін Қазақстанда тек шетелдіктерге арналған жаңа ойын мекемелері ашылатыны туралы хабарланған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!