Фото: Polisia.kz

Қазақстанда полицияның жаңа бес бөлімі және емханасы бар госпиталь құрылады. Үкімет тиісті қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаулы Нормативтік-құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған.

Оған сәйкес:

  • «ҚР Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаменті Алатау қаласының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  • «ҚР Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Үлкен Нарын ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  • «ҚР Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Марқакөл ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  • «ҚР Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаменті Мақаншы ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  • «ҚР Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаменті Жаңасемей ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  • «ҚР Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаментінің емханасы бар госпиталі» мемлекеттік мекемесі құрылады.

Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Ішкі істер министрлігін ұстауға арналған және жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!