Елордадағы «Қазмедиа» орталығынан өрт шықты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бүгін сағат 20:41-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері «Д.Қонаев көшесі, 4» мекенжайында орналасқан ғимаратқа шұғыл шақырту бойынша жеткен. «Өрт сөндірушілер келгеннен кейін паркингтегі трансформатордың жанып жатқаны анықталды. Адамдар қауіпсіз жерге шықты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 13 маманы мен 3 техникасы жұмыс істеуде»,- деп атап өтеді министрліктен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!