Қызылорда қаласында тұрғын үйде болған өрттен өзбекстандық 39 жастағы азамат бірінші дәрежелі күйік алып, ауруханаға жеткізілді/

Оқиға бүгін, 19 сәуірде сағат 10.58-де Қызылорда қаласы, Яншин көшесі бойындағы тұрғын үйде болды.

Газды ауа қоспасының жылыстауынан соңы өртке ұласты.

«Тұрғын үйдің 182 шаршы метр аумағы қирап, өрт 60 шаршы метр болатын уақытша құрылыс алаңына көшті. Оқиға орнында 1984 жылғы өзбекстандық азаматтың беті, қолы, мойны күйіп қалған. Ол бірінші дәрежелі күйік диагнозымен қалалық ауруханаға жеткізілді», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!