KAZINFORM — ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі былтырдан бастап абоненттік ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу ережелеріне енгізілген өзгерістерге қатысты түсінік берді.
Абоненттік құрылғыларды верификациялау жүйесі 2025 жылғы 25 маусымнан бастап тұрақты жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде ақпараттық жүйеде 9 миллионнан астам IMEI-код тіркелді. Бұған қоса, заңсыз құрылғылармен күрес аясында нақты шектеу шаралары жүргізілді. 2026 жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша, «сұр» тізімде болу мерзімі аяқталуына байланысты жалпы 812 915 IMEI-код «қара тізімге» көшіріліп, олардың жұмысы бұғатталды, – делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Ведомствоның мәліметінше, бұл көрсеткіштер қабылданған шаралардың тиімділігін және ұялы құрылғылар нарығының «көлеңкеден» шығып, ашық жұмыс істеуге көшкенін нақты дәлелдейді.
Мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан бұл бақылау тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ел экономикасына да оң әсерін тигізіп жатыр, – деп аталып өткен министрлік ақпаратында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
