Фото: Бейнеу ауданының әкімдігі

KAZINFORM – Атырау облысындағы Құлсары қаласын 5 сәуірде тасқын су басқан еді. Содан бері Құлсарының 686 тұрғыны эвакуациялық пункттерде тұрып жатыр.

Атырау облыстық жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, Құлсары қаласынан 36 мың 738 тұрғын эвакуациялық пункттерге орналасқан.

«Құлсары қаласы тұрғындардың бір бөлігі Маңғыстау облысына, Атырау қаласы мен «Теңіз» вахталық қалашығында ашылған эвакуациялық пункттерге көшірілді. Қазір «Теңіз» вахталық қалашығындағы 2 эвакуациялық пунктте 418 адам тұрып жатыр. Ал 163 адам Құлсары қаласының өзіндегі 2 эвакуациялық пунктте тұрады. Көршілес Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы 3 эвакуациялық пунктте 105 құлсарылық бар», – деп хабарлады облыстық жедел штабтан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!