Тараз қаласының тумасы, «Білім-Инновация» лицейінің түлегі Нұрғанат Қанат Ұлттық бірыңғай тестілеуде 140 мүмкіндіктің 140-ын жинап, рекордтық нәтиже көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Үздік түлекке ерекше жетістігі үшін салтанатты түрде құны 50 миллион теңге болатын жаңа пәтердің кілті табысталды.
Сонымен қатар Жамбыл облысындағы Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектептің түлегі Сарсенбай Назерке де ҰБТ-дан 140 балл жинап, үздіктер қатарынан көрінді.
Дарынды түлекке «Тарих мектебі» білім беру орталығы 1 миллион теңге сыйақы мен шетелге жолдама тарту етті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
