Фото: istockphoto.com

Ұлытау облысынан Қызылорда облысының көлдеріне 839 млн текше метрден астам тасқын су жіберілді, деп хабарлайды Azattyq ruhy.

«Су тасқыны кезінде Ұлытау облысының Кеңгір су қоймасынан 839 млн текше метрден астам су жіберілді. Осының нәтижесінде, алғаш рет Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көлдеріне жетті», – деп хабарлады ол.

Дереккөзге сүйенсек, қазір Қызылорда облысының Телікөл көлдер жүйесе су жақсы жиналғаны байқалады.

«Бұл өңірдің ауыл шаруашылығына жағымды әсер етуі тиіс. Жиналған су одан әрі облыстағы күріш алқаптарына ағызылады»,- деп хабарлады Мөлдір Әбдуәлиева.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!