фото: ашық дереккөзден алынды

Мұндай кезеңде адамдар бас ауруына, әлсіздікке, қан қысымының өзгеруіне, ұйқының бұзылуына және ашушаңдыққа жиі шағымданады. Жер бетінде G1 деңгейіндегі магниттік дауыл байқалып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kzсайты.

Мамандардың айтуынша, дауыл аса күшті болмаса да, оның әсері бірнеше күнге созылуы мүмкін. Кей сәттерде геомагниттік белсенділік G2 деңгейіне дейін күшеюі ықтимал.

Болжам бойынша, магниттік дауыл 17 мамырға дейін жалғасады. Мұндай кезеңде адамдар бас ауруына, әлсіздікке, қан қысымының өзгеруіне, ұйқының бұзылуына және ашушаңдыққа жиі шағымданады. Әсіресе жүрек-қан тамырлары ауруы бар адамдар сезімтал келеді.

Мамандар бұл күндері күйзелістен, ауыр физикалық жүктемеден аулақ болып, көбірек тынығуға кеңес береді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!