Бүгінде Италияда тұратын алматылық белгілі журналист Марал Құрыш өзінің шетелдікке тұрмысқа шығу тарихын әңгімелеп берді. Қазақ қызы жұбайы Дэвидэмен бірге Венецияда ғұмыр кешуде, деп хабарлайды Экспресс К.

Аппенин түбегіне қоныс аударғанға дейін Марал оңтүстік астанада түрлі басылымдарда бас редактор қызметін атқарып, телеарналарда жүргізуші болған.

Біз Еуропадағы ең танымал аралда таныстық. Мен Ибицаға демалуға барған едім. Үш күн бойы жағажайда серуендедік, үздік диджейлер ұйымдастырған би кешінде таңға дейін көңіл көтердік. Оның достары бізді демалыс аяқталысымен ажырап кетеді деп ойлаған екен. Бірақ біз бір-бірімізден ажырамадық, — деп есіне алды Марал.

Италиялық расында да қазақ қызына ғашық болып қалған еді. Ол Маралды әуежайға шығарып салардан бұрын әшекей бұйымдарын сататын дүкенге алып барып, сыйлық жасайды. Содан кейін сүйіктісін іздеп Алматыға келген. Марал жұбайына сол уақыттан бері асылған ет, қуырдақ және палауды сүйсініп жейтінін айтады.

Танысқаннан кейін араға бес ай салып отбасын құруға келістік. Қызымды ертіп, шамамен 60 келі тартатын жүгімді төрт чемоданға сыйғызып, Италия қайдасың деп тартып кеттім. Осылай мұсылман қазақ қызы католик италиялыққа тұрмысқа шықты, — дейді келіншек.

Шетел азаматына күйеуге тиер алдында Марал үлкен қызының әкесінен Дәрияны Италияға алып кетуге рұқсат сұраудан қорыққанын айтады.

Мен оған бәрін жасырмай айтсам да оның Дәрияның Италияға жібереріне сенбеген едім. Оған жағдайды түсіндірмек болып телефон соққанда дауысым құмығып, сөйлей алмай қалғаным есімде, — дейді журналист.

Дегенмен бұрынғы жары Маралдың сәбиін өзімен бірге алып кетуіне қарсылық білдірмепті. Бауыр еті баласының басқа елге кетіп бара жатқанын білгенде ол Марал Италияға ұшар алдындағы әр күнді Дәриясымен бірге өткізуге тырысқан. Үйлену тойы Дэвидэнің елінде өтті. Өкінішке қарай Маралдың жақындары Венецияға келе алмапты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!