Қазақстанда жеңілдетілген автонесие беру жалғасатын болды. Бұл жолы өтініштер тек онлайн режимде қабылданады. Ол үшін арнайы портал сынақтан өткен деп хабарлады turkystan.kz.

Өндірісті дамыту қоры төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров жаңашылдық жүздеген азаматтың жеңіл несиемен қамтылуына мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның айтуынша, бағдарлама негізінде қарыз бұған дейінгі қарыздың қайтарылуы есебінен берілмек.

Түскен ақша игерілгеннен кейін несиелеу қайтадан кідіреді. 2047 жылға дейін револьверлік қаражат көлемі 14,3 млрд теңгеден асады, – дейді Ринат Ғаппаров.

Осылайша, 30 жыл ішінде халыққа 4 пайыздық мөлшерлемемен 60 мың жаңа көлік алуға мүмкіндік туады. Бағдарлама бойынша тек отандық көліктерді сатып алуға болады.

Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметінше, биыл жыл басынан бері елімізде 98 мыңға жуық жаңа жеңіл көлік сатылған. Бұл – былтырғыдан сәл артық көрсеткіш.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!