Англияда әйел үш аптада екі рет жүкті болып, егіздерді дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жүктіліктің бесінші аптасында дәрігерлер 30 жастағы Габриелла Кристмасты ультрадыбыстық зерттеу кезінде ұрықтың жанында кішкене көлеңке байқады. Жеті аптадан соң бұл үш апта кейін жатырда пайда болған ұрық екені белгілі болды.

Дәрігерлер Габриеллада әйелдердің 0,3 пайызында кездесетін сирек кездесетін аномалия суперфетация егіз жүктілік болғанын түсіндірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!