Фото:depositphotos.com

Ірі сауда орталықтары келушілерді сапалы Wi-Fi-мен қамтамасыз етуге міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат кулуарында журналистер ведомствоның вице-министрінен интернетке қатысты проблемалары болған-болмағанын сұрады.

«Мен де, сіздер сияқты, байланыстағы проблемаларды байқаймын. Мен әсіресе тамақтану орындарындағы немесе ірі сауда орталықтарындағы Wi-Fi желілері сапалы емес екенін байқадым. Менің ойымша, келесі қадамымыз осы бағытта болады. Енді заң жобасы аясында біз ірі сауда орталықтарын Wi-Fi желілерімен қамтамасыз етуге міндеттейміз, олар қазірдің өзінде бар, талшықты-оптикалық байланыс орнатылды, Wi-Fi желісі салынды, енді бұл сапаны бақылаймыз. Сауда орталығында, кафеде отырғанда, жоғары сапалы интернеттің болғаны барлығына ыңғайлы болады деп ойлаймын», – деп түсіндірді вице-министр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!