Тоқты

Өзіңізді төреші ретінде сезінесіз. Жақындар мен әріптестің бірі сізді жанжалдың ортасына түсіруі ғажап емес. Басыңыз бәлеге қалмас үшін біреудің жанжалына  араласпаған жөн.

    Торпақ

Жетістіктеріңіз бен сәтсіздіктеріңізді талдау керек. Өзіңізге адал баға берген жөн. Біреудің пікіріне құлақ аспаңыз, басқа адамның не көздейтінін білмейсіз.

    Егіз

Апта сіз үшін сәтті болады. Әрбір қадамыңызды ойланып барып жасаңыз. Өмірлік қуатыңыз қазір тасып тұрғанымен, оны бос қиял мен жанжалға жұмсаудың қажеті жоқ.

Шаян

Адамдармен көп араласпаған дұрыс. Біріншіден, энергияңыз сарқылады. Екіншіден, сіз жайында көп сын айтылуы мүмкін.

Арыстан

Шабытыңызға ерік беріңіз. Шығармашылығыңыздың жемісіне басқалардың көңілі толмаса да, өзіңіз риза боласыз.

Бикеш

Негізгі жұмыстан басқаның бәріне көңіл бөлесіз. Дегенмен өзіңізді дер кезінде қолға алып, тікелей міндетіңізді атқарып, үй шаруасымен айналысыңыз.

Таразы

Ерекше әсер көп болады. Жаңа табыс көзін табуыңыз ықтимал. Бірақ табыс өздігінен келмейді, алдымен тер төгу керек екенін ұмытпаңыз. Жұлдыздар жұмысқа ұқыпты қарауға кеңес береді.

Сарышаян

Аптада ішкі наразылығыңыз артады. Бұған ерекше мән бергеніңіз дұрыс. Не нәрсеге көңіліңіз толмайтынын анықтасаңыз, жағдайды өзгертудің мүмкіндігі пайда болады.

Мерген

Апта басынан бастап үлкен іске білек сыбана кірісесіз. Оймен талай істі аяқтап тастайсыз. Ойыңызды тезірек жүзеге асырыңыз,  өзіңізді шектемеңіз. Апта сонында  белсенділігіңіз артады.

Тауешкі

Басқа адамдарға қатысты жоспар мен тапсырмада шектен шықпаған жөн. Қаншалықты шындықты айтқыңыз келсе де, өзіңізді тежеген дұрыс. Себебі шындықты айтамын деп жақындарды ренжітіп алуыңыз мүмкін.

   Суқұйғыш

Қажет емес нәрсеге көңіл бөлмеуге тырысыңыз. Әрине, жұмыс ешқайда қашпайды, бірақ өздігімен де істелмейді. Сондықтан уақытты бос сөзбен өткізбей, жұмыс істеңіз.

Балық

Сізді басқалар бақылауда ұстағысы келеді. Ақыл-кеңес беретіндер көбейіп кетеді. Ондай адамдарға қарсылық көрсетіңіз, бірақ ашуға бой алдырмаңыз. Аптада қаржыдан қиындық тумайды.