Қазақстанда алимент төлемей жүргендердің қарызы 18 млрд теңгеден асқан, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Qazaqstan TV-ға сілтеме жасап.
Әділет министрлігі мәліметінше, 12 мың адам алимент төлеуден жалтарып жүр. Берешек 18 млрд теңгенің үстінде. Борышкерлердің басым көпшілігі – ерлер, сонымен қатар, 7 мыңнан аса әйел бар.
«25 тамыздан бастап алимент аударудың жаңа тәртібі қолданысқа енгізіледі. Бұдан былай ақша тек арнайы шотқа түседі. Алимент алушылар екінші деңгейдегі банктерден арнайы шот ашып, реквизиттерін сот орындаушысына ұсынуға тиіс. Алимент бойынша берешек сақталып, есептеле береді», – деп жазылған мәліметте.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
