Өңірімізде Тәуелсіздік алған жылдардан бастап 7 млн. 327 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал шаһарда мемлекеттік бағдарламалар аясында жаңадан 16 мөлтек аудан ашылып, бес тұрғын үй кешені салынған. Бұл көрсеткіш 1991 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге артық.
– Егемендік алған 30 жылда облыста мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 443 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, 9960 отбасы баспаналы болды. Биыл барлық қаржыландыру есебінен 644,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру межеленіп отыр. Яғни, 2408 пәтерді құрайтын 110 тұрғын үй. Құрылысқа мемлекеттік бюджет есебінен 13,4 млрд теңге қаржы жұмсалған, – дейді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мамандары.
Облыс бойынша тұрғын үй алуға және емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 12542 өтінім қанағаттандырылған. Жалпы жұмсалған қаражаттың 55 пайызы баспана алуға пайдаланылған. Қазір облыста зейнетақы жинақтарын пайдаланушы 18-25 жас аралығындағы азаматтарымыздың үлес салмағы 5 пайызды құрап отыр.
Айта кету керек, бұған дейін Үкіметте 2025 жылға қарай 800 мың жас тұрғын үй жинағы жүйесімен қамтылатыны айтылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!