Фото: Instagram ICEGOV

АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі (ICE) 5 маусымда арнайы операция барысында Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейді ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ICE мәліметінше, өткен жылдың жазында АҚШ-тың иммиграциялық соты қазақстандықты елден депортациялау туралы шешім шығарған. Алайда ол сот отырысына келмеген.

Ведомство мәліметінше, ер адам террорлық қызметке қатысы болуы мүмкін деген күдікке байланысты қамауға алынған. Сонымен қатар оған қатысты АҚШ аумағынан шығару туралы түпкілікті шешім күшінде тұр.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Иллинойс штатында, Чикаго қаласы маңында із-түзсіз жоғалып кеткен 24 жастағы Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың мәйіті табылғаны туралы жазған едік.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!