Фото: parlam.kz

Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева «Ақ жол» демократиялық партиясының жаңа төрағасы болып сайланды, – деп хабарлайды KAZINFORM.

Оның кандидатурасын партияның бұрынғы төрағасы Азат Перуашев ұсынды.

— Қаржыгер, банкир, Мәжіліс төрағасының орынбасары. Дания Еспаева өз есімін Қазақстанның саяси тарихына енгізіп үлгерді. Ол 2019 жылы Қазақстан Президенттігіне кандидат болған еліміз тарихындағы алғашқы әйел. Парламенттік оппозиция туралы, заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы, жеке тұлғалардың банкроттығы, банктер туралы заңдардың, Кәсіпкерлік кодекстің және жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты азаматтарға рақымшылық жасау туралы заң жобаларының авторларының бірі. Сонымен қатар ол — Мәжіліс тарихындағы парламенттік оппозиция қатарынан сайланған алғашқы әйел вице-спикер, — деді Перуашев.

Дауыс беру қорытындысы бойынша делегаттар Дания Еспаеваның кандидатурасын қолдады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!