Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады. Жеке қабылдауға 13 адам келді, 1 азаматша өтінішін онлайн байланыс арқылы жеткізді.Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу және балаларының оқу ақысын төлеуге көмек сұрады.
Облыс әкімі алдағы уақытта қабылдауға келген азаматтардың мәселелері зерттеліп, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын жеткізді. Кейбір мәселелер бойынша жауапты тұлғалар заң аясында түсіндірме беріп, шешу жолдарын ұсынды.Мәселен, 49 жастағы жалғызбасты азаматша «Ягодка» саяжайындағы жеріне іргетас құюға көмек сұрады. Денсаулығының нашар екенін айтып, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді өтінді.
Сондай-ақ, қаланың бір топ тұрғыны созылмалы ауруға қойылған диагноз бойынша ем қабылдауға жолдау туралы мәселе көтерді.Қала маңындағы Махамбетов ауылының 70 жастағы тұрғыны жол және көше жарығына қатысты мәселені қозғады. Осыған орай қала әкімінің орынбасарына көшелерге тас жол төсеу және электр бағаналарын орнату мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.Осы уақытқа дейін облыс әкімі 29 жеке қабылдау өткізіп, 600-ден астам тұрғынның өзекті мәселесіне ден қойды.Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!