Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекованың 2022 жылғы 4 мамырдағы №02-05/33 бұйрығына сәйкес Дәулетбаева Мартана Қонысбекқызы Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің директоры қызметіне тағайындалды.
1981 жылдың 8 наурызында Қармақшы ауданының Тұрмағамбет ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары.
2002-2007 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Филология» мамандығы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2017-2019 жылдары Қызылорда «Болашақ»университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика-бизнес бакалавры біліктілігімен бітірген.
Еңбек жолын 2008-2011 жылдары Қызылорда облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының «Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы» МКҚК-ның оқытушысы болып бастаған.
2011-2015 жылдары Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасының бас инспекторы, 2015-2021 жылдары Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының бас инспекторы, әдіскері болып жұмыс жасаған.
2021 жылдың 13 қаңтарынан бастап Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-і директорының орынбасары қызметін атқарып келді.
2010-2011 жылдары Қызылорда қалалық қоғамдық телеарнасынан берілген «Қазақ тілін үйренейік!» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі;
2008 жылғы «Мемлекеттік тілді үш деңгейлі оқыту бағдарламасы» облыстық байқауының 3- орын иегері;
2011 жылы өткізілген «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» облыстық байқауының 2-орын иегері;
2011 жылы Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен жарық көрген «Қызылорда облысының жер-су атаулары» кітабының құрастырушысы;
2020 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Ономастика – Ел айнасы» республикалық командалық байқауының Бас жүлдегері.
2011 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл комитетінің Құрмет Грамотасымен, 2013,2016, 2017, 2018, 2019 жылдары облыс әкімінің Алғыс хатымен, 2020 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!