Қызылордалық «Қайсар» жетінші турда сырт алаңда «Қыранмен» кездесіп, 3-1 есебімен жеңіске жетті.

Турнирлік кестеде қатар келе жатқан қос команданың матчы қарқынды басталды. Қасқырлар кездесуде алғаш болып есеп ашты.

Руслан Сахалбаев Константин Горизановтың берген пасын ұтымды пайдаланып, есеп ашты.Ойынның екінші жартысында алаң иелері бұрыштамадан таразы басын теңестірді.

Алайда 82 минутта сұрмерген Мамаду Диалло көзге түссе, 90 минутта Елжас Алтынбеков кездесудің нүктесін қойды. Қорытынды есеп 3-1!7 турдың қорытындысы бойынша Әбілдаев шәкірттері 19 ұпай еншілеп, турнирлік кестедегі көш басындағы орнын сақтап қалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!