«Сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант беру күні 2022 жылғы 26 қараша болып айқындалды», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Айта кетейік, 20 қарашада елімізде кезектен тыс президент сайлау өтті. Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеді. Ал шет мемлекеттердегі Қазақстан өкілдіктері жанында 68 учаске құрылған.

Еліміздегі бүкіл сайлаушылардың 69 пайызы немесе 8 млн 282 мыңнан астам адам өз таңдауын жасады.

20 қарашада өткен кезектен тыс сайлау барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы немесе олардың 81,31 пайызы дауыс берді.

Сондықтан бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында халық сайлаған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасының президенті ретінде тіркеді және заңнамада белгіленген тәртіппен сайланған Мемлекет басшысына тиісті куәлік тапсырылатын болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!