KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 сәуірдегі қаулысымен 2026–2028 жылдарға арналған Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Жоспар бірнеше бағыт бойынша 37 іс-шараны қамтиды:
- Қожа Ахмет Ясауи атындағы сыйлықты институционалдық және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету
- Ғылыми-зерттеу және білім беру бағытындағы жұмыстар
- Мәдени-ағартушылық және шығармашылық іс-шаралар
- Ақпараттық-имидждік және халықаралық деңгейде насихаттау
- Мұраны қалпына келтіру (реставрация)
Атап айтқанда, келесі жұмыстарды жүзеге асыру жоспарланған:
- Түркістан қаласында оқушылар арасында дәстүрлі «Ясауитану» байқауының республикалық кезеңін ұйымдастыру
- Қожа Ахмет Ясауидің шығармалары мен ғылыми еңбектерін басып шығару
- «Ясауитану» атты халықаралық ғылыми журнал шығару
- Мектептерде «Yassawi Week» атты апталық іс-шаралар өткізу
- «Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы: жастар көзқарасы» тақырыбында республикалық эссе байқауын өткізу
- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында «Ясауи мұрасы және оның түркі әлеміне ықпалы» атты республикалық конференция ұйымдастыру
- Астана, Алматы және Түркістан қалаларында архивтік материалдар мен қолжазбалар негізінде құжаттық көрмелер өткізу
- Облыс орталықтарындағы көшелердің немесе даңғылдардың біріне Қожа Ахмет Ясауи есімін беру
- Отандық және шетелдік БАҚ пен әлеуметтік желілерде арнайы жобаларды (подкаст, челлендж, бейнероликтер) іске қосу
- ЮНЕСКО аясында Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттауға арналған халықаралық ғылыми конференция ұйымдастыру
- Шетел мемлекеттерінде парктерге немесе көшелерге Қожа Ахмет Ясауи есімін беру мүмкіндігін қарастыру
- Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
