10-15 сәуір күндері Қызылорда облыстық білім басқармасының Аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, үздік мектеп командасын анықтау мақсатында «Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасына сәйкес спорт түрлері Футболдан «Былғары доп» 7-8 сынып қыз балалар арасында облыстық іріктеу жарыстары өтті.

Тартысты доданың нәтижесіне сәйкес, футболдан «Былғары доп» 7-8 сынып қыз балалар арасындағы жарыста №25 мектепт командасы І орын иеленді. Команда жетекшілері Сәрсен Өмірзақ, Қожахмет Кенжебек және Сейтен Нұрлыбек бұл үшін біраз еңбектенгені анық. Облыстық жарыста жеңімпаз атанған мектеп командасы Павлодар қаласында өтетін Республикалық «Ұлттық мектеп лигасы» жарысына жолдама алды.

— Командамен біріге отырып, біраз дайындалдық. Ауданның атынан барғанымызға бір қуансақ, енді облыстың абыройын қорғап, республикалық кезеңге қатысамыз. Осы орайда бізді дайындап, әр кезең сайын қолдау білдіріп келген Кенжебек, Нұрлыбек, Өмірзақ ағайларымызға алғыс айтамын, — дейді Әйгерім Бөкебай.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!