Қазалылық жас былғары қолғап шебері Ақтілек Орынбасар Францияның Нормандия қаласында өткен бүкіләлемдік гимназиада жеңімпазы атанды.

Әлемдік додаға 70 елден 4000 оқушы спорттың 18 түрінен бақтарын сынады. Бұл сында Қазақстаннан 234 ең мықты оқушы қатысты. Олардың қатарында №18 Қазалы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысыАқтілекОрынбасар да бар. 54 келі салмақта бақ сынаған жерлесіміз шаршы алаңдағы қарсыластарын барлығын жеңді.

Бүкіләлемдік додада жеңімпаз атанған Ақтілек Орынбасарды бүгін жерлестері құрмет-қошеметпен қарсы алып, құрмет көрсетті.